823

Доллар қанша өскенмен, жұмыртқа бағасы өспейді

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

Доллар қанша өскенмен, жұмыртқа бағасы өспейді
freepik.com

Құжатта баға саясатына қатысты шаралар қарастырылған. Атап айтқанда С1 санатындағы жұмыртқаларды 30 данасы салынған қораппен құс фабрикасы қоймасынан әр данасын 51,5 теңгемен шығару туралы келісім бар. Сондай-ақ, бұл жұмыртқаларға үстеме құн өндірушіден шыққан бағадан 15%-дан аспауы тиіс

Қауымдастық, сонымен қатар, азық-түліктің, соның ішінде жұмыртқаның қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жасалған мониторинг қорытындысы бойыншамәліметтермен бөлісті.

Бұл деректерге сай, Астана, Қостанай, Алматы қалаларында С1 санатындағы жұмыртқалардың бағасы 535 теңгеден аспайды

Материал авторы