Күдікті Перизат Қайрат қаржы жымқыру ісіне қандай блогерлердің қатысы бар? ҚМА жауап берді
Су тасқыны кезінде 1,5 млрд теңге мен Палестинаға деп жиналған 200 млн теңгені жымқырған «қайырымды арудың» ісіне блогерлердің не қатысы бар? Қаржылық мониторинг агенттігі жауап қатты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ақша жымқырды деген күдікке ілінген қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайраттың ісіне блогерлердің қатысы бар ма? Бұл сұраққа Қаржы мониторингі агенттігі жауап берді.
Бұған дейін БАҚ беттерінде және әлеуметтік желілерде су тасқыны кезінде жиналған қаражатты жымқыру ісіне миллиондаған оқырманы бар блогерлердің де қатысы бар болуы мүмкін деген сыбыс шыққан еді.
ҚМА-ның ресми жауабында еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты іс бойынша соталды тергеу жалғасып жатқаны айтылды.
Қаржы мониторингі органдарының өндірісінде блогерлер немесе су тасқыны кезінде қаражат жинаған басқа ұйымдастырушыларға қатысты сот алды тергеулер жоқ, - деді агенттік.
Материал авторы