«Анам қайтыс болған»: Базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар бала қауіпсіз жерге орналасты

Аиса Махамбет Редактор
29.11.2024, 11:51
414
«Анам қайтыс болған»: Базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар бала қауіпсіз жерге орналасты жеке мұрағатынан

Бала құжаттары жоқ болған соң мектепке де бармаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісайдағы 7 жасар бала мен оның інісі қауіпсіз жерге орналастырылды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеген.

Қазіргі таңда тиісті органдар балалардың денсаулық жағдайын, оларды құжаттандыру және барлық құқықтарын қалпына келтіру мәселелерімен айналысуда.

Kazinform агенттігінің дерегінше, базарда арба сүйреп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады.

Анасының жоқтығын айтқан бүлдіршін 5 жастағы інісі мен әкесі, үшеуі бірге тұратындығын айтқан. Ол құжаттарының жоқтығынан мектепке бармаған. 

Аталған видеоға пікір білдірушілердің бір тобы балаға жанашырлық танытса, енді бір тобы қараусыз қалдырған жергілікті басшылықты кінәлады. Олардың ішінде «Мына баланы тауып беріңіздерші, әкесінің телефон нөмірі бар ма? Үй, жұмыс, мектеп бәрін шешіп беремін», «Құжаты болмаса да, мектеп оқытуы керек», «Жетісайдың әкімі, сондағы басшылар қайда қарап отыр, жауапқа тарту керек», «Қай жақта екен, қалай көмек бере аламыз», «Қалайша құжат жоқ? Әкесі құзырлы органдарға барса, құжат жасап береді ғой, тас дәуірі емес қой, 21-ғасыр», «Ертең өте мықты бала өсіп шығады» деген жазбалар бар. 

Ал, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды шешу үшін мемлекеттік орган бекіткен алгоритмге сәйкес арнайы топ жұмылдырылғандығын мәлімдеді.

«7 жасар бала мен оның інісі қауіпсіз жерде. Қазіргі уақытта тиісті органдар балалардың денсаулық жағдайы, оларды құжаттандыру және барлық құқықтарды қалпына келтіру мәселелерімен айналысуда. Айта кетейік, әр баланың құқықтары мен мүдделерін, оның ішінде отбасын, қауіпсіздікті, білім беруді және лайықты өмір сүру жағдайларын қорғау басымдық болып табылады. Аталған мәселе түпкілікті шешілгенге дейін Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында болмақ», — делінген комитет тарапынан берілген ақпаратта.

Махмұд Сабырхан Азия чемпионы атанды «Менің адамым»: Ақбота-Нұрдың құпиясы әшкере болды «Полицейлерге пышақ тақаған жоқ»: Куәгерлер Қаржаубай Нұрымовтың тек әділ шешім сұрағанын айтты Даниал Ахметов кетті, Рыпакова келді Оралдық ана қызын сыныптастары соққыға жыққан соң мүгедек боп қалғанын айтты Субсидия сарсаңы: Шағын шаруашылықтар қолдауды сезініп жүр ме? Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды Бокстан Азия чемпионаты: Бүгін ерлер алтынға таласады Тұман түсіп, аяз болады: 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды Әлеуметтік желілердегі ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскериқызметшілерінің танымал бейнероликтері Жұлдыз Әбдікәрімованың пәтерін тартып алған компания бастығы ұсталды 11 рет баласы шетінеп кеткен алматылық әйел тұңғышын аман-есен өмірге әкелді Уақыт өткен сайын айыппұлдың түр-түрі шыға бастады «Шетелдік дәрігерлер басқа диагноз қойды»: Баян Мақсатқызы 25 жыл бойы қандай аурумен күресіп жүргенін ашып айтты Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы 2 алтын еншіледі Қазақстанда аутизм және Даун синдромы бар 100-ден астам бала футбол секциясына тегін қатысады Бокстан Азия чемпионаты: Ел қоржынына 3 алтын түсті «Әйнекті сындырды»: Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған жолаушы ұсталды (ВИДЕО) Мен алдандым: «Астана» мен «Челси» кездесуіне 30 мың теңгеге билет алғандар өкініп жатыр «Үйілген қоқыста ұйықтап жүр»: Павлодар облысында 10 жасар қыз маскүнем әжесімен бірге тұрып келген