Допинг дауы: Дәрінің көмегімен чемпион болған ба?

29.11.2024, 12:53
735
Допинг дауы: Дәрінің көмегімен чемпион болған ба? Global Look Press

Теннистен әлемнің бұрынғы 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің бес дүркін чемпионы, Польша өкілі Ига Швёнтек допинг дауына ілікті.

Сhampionat.com сайтынан алынған мәлім еткеніндей, теннисшінің Азиядағы Сеул, Бейжің және Ухань турнирлеріне неге қатыспағаны белгілі болды.

АҚШ ашық чемпионатынан кейін үзіліс алған поляк спортшысы Эр-Риядтағы қорытынды турнирге ғана қатысып, онда топтан шыға алмады. Сөйтіп әлемдік рейтингіде беларусьтік Арина Соболенконы алға жіберіп, екінші орынға ығысты.

Теннис әділдігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық агенттік (ITIA) хабарлағанындай, Ига Швёнтектен бірінші ракетка болып тұрған кезде, тамызда жарыстан тыс уақытта алынған талдау оның ағзасында тыйым салынған триметазидин бар екендігін көрсеткен. Бұл теннисшінің уақыт белдеуін ауыстыруға байланысты ұйқыға қатысты мәселе туындағаннан кейін Польшада өндірілген мелатонинді білмей қабылдағаннан болған.

Теннисшінің аздаған кінәсі және салғырт қарағандығынан деп есептеген ITIA оны бір ай мерзімге шеттетуді ұсынған. 27 қараша күні спортшы допингіге қарсы ережені бұзғанын мойындап, санкцияны қабылдаған. Ол 12 қыркүйектен 4 қазанға дейін үш жарыстан шеттетілген. Сол аралықты қосқанда, шеттету мерзімінің бітуіне енді 8 күн қалды, 4 желтоқсан күні аяқталады. Оған қоса Швёнтек талдау тапсырғаннан кейін қатысқан Цинциннати WTA 1000 турнирінде тапқан табысынан айырылды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды