697

Доллар бағамының қымбаттауы: Азық-түлік бағасы көтеріле ме?

Доллардың қымбаттауы азық-түлік бағасына әсер ете ме, жоқ па? Мұны Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов түсіндіріп берді.

Доллар бағамының қымбаттауы: Азық-түлік бағасы көтеріле ме?
freepik.com

Сүлейменов доллар бағамының өсуі азық-түлік өнімдерінің бағасына әсер етпейді деп сендіріп отыр.

«Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі жоғары. Соңғы жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі мен фермерлер біріге отырып, ішкі ұсынысты арттырды. Сол себепті азық-түлік бағасы айтарлықтай өзгереді деп ойламаймын, - деді ол.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы нарықта «ойыншы» ретінде әрекет етіп, Ұлттық қордан трансферттер сататынын алға тартты.  

«Нарықты реттемейміз, тек интервенциялар арқылы нарықты «тыныштандыруға» тырысамыз», - деді Т.Сүлейменов.

Материал авторы