Алматыда дәмхана күзетшілері келушіні аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
30.11.2024, 15:36
655
Алматыда дәмхана күзетшілері келушіні аяусыз соққыға жыққан (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Алматының Алмалы ауданындағы дәмханалардың бірінде күзетшілер келушіні аяусыз соққыға жықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 40 жастағы ер адам ауыр жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілген. 

Полиция ер адамды аяусыз соққыға жыққан екі күдіктіні ұстады. Полиция басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

“Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында дәмхананың екі күзетшісінің кінәсі анықталды. Жәбірленуші достарымен бірге отырып, уақытты сәл ұзартуды сұраған. Бұл өтінішке күзетшілер агрессивті жауап қайтарып, төбелес шығарған. Тіпті, мекеме қызметкерлері көмекке келгісі келген адамдардың әрекетіне мән бермеген. Екі күдікті қамауға алынды”, – дейді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Қазір тергеу жалғасып жатыр, ал жәбірленушінің жағдайы бақылауға алынған.

Түркістанда бұрынғы келінін тойда ұрып тастаған қайын атаға қатысты сот шешімі шықты Астанадағы базарлар тексерілді: Қарақұмықтың бағасын 82%-ға көтергені әшкере болды Иманбекке «Құрмет» ордені берілді Астанадағы 3 жасар қыздың өлімі: анестезиолог соңғы минуттарда не болғанын айтып берді Сәтбаевта дүкенге пышақпен тап берген ер адам ұсталды Оңтайландырылған арнайы салық режимі кімдерге беріледі? Сәбидің 18-20 тісін бірден емдеу: Ұйықтатып қойып, оята алмай қалды Астанадағы сауда орнында жас жігітті әскерге күштеп әкетпек болған (ВИДЕО) Франция Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға жұмсауға қарсы шықты Ақтөбеде үйге халатпен оралған әйелін пышақтаған ер адамға үкім шықты Ресейліктер «Қайрат» — «Олимпиакос» матчына болжам жасады Қарағанды облысында оқушыны отқа ораған жасөспірімге үкім шықты Тоқаев пен Бақытжан Сағынтаев кездесті Банк қызметкерлері онлайн-казино қылмысына қатысы бар боп шықты Ақтөбеде автобус апатынан бес шетел азаматы қаза тапты Қадыров: Украина азаматтық нысандарға шабуыл жасағаны үшін қатаң жазаланды Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің лауазымы жоғарылады 16 пайыздық ҚҚС қалай есептеледі? Қаржы министрлігі түсіндірді Трамп Зеленскийден «аздап көңілі қалғанын» айтты Енді Қазақстанда су жаңа плацкарттар жолға шығады