«Уақыт созып жатыр»: сарбаз Ербаян Мұхтардың адвокаты сараптама қорытындысын ала алмай жүргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
30.11.2024, 18:15
494
«Уақыт созып жатыр»: сарбаз Ербаян Мұхтардың адвокаты сараптама қорытындысын ала алмай жүргенін айтты жеке мұрағатынан

Іс бұрмаланып, кінәлілер жазасыз қала ма деген күмәнім күшейді дейді заңгер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық ұлан қатарына әскерге алынып, мүгедек болып оралған 22 жастағы сарбаз Ербаян Мұхтардың адвокаты Инга Иманбай іс бойынша сараптама қорытындысын ала алмай жүрегінін айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Инга Иманбайдың айтуынша, сараптама қорытындысы дайын, алайда тергеушілер қорытындыны бермей жүрген көрінеді.

"Негізі сараптама әлдеқашан дайын болған. Бірақ, тергеуші оны екі күн бұрын ғана маған айтып, кеше сараптамамен танысуым керек еді. Мен тергеушімен келіскен уақытта күттім, ол қоңырауға жауап берген жоқ. Кеш болып кеткесін ватсапқа хабарлама жаздым. Жауабы маған сылтау, уақыт созу сияқты көрінді", – делінген заңгердің желідегі жазбасында.

Адвокат тергеудің әділдігіне қатысты күмәні күшейгенін айтады.

“Дайын тұрған сараптамамен таныстырудың несі қиын? Сондықтан, іс бұрмаланып, кінәлілер, Ербаянды осы күйге жеткізгендер жазасыз қала ма деген күмәнім күшейді. Сондықтан, жағдайды осы жерге ашық жазып, тергеуден, құзырлы органдардан жауапты ашық талап етемін", – делінген жазбада.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген. 2023 жылдың желтоқсанында сарбаз ми жарақатын алып, содан кейін комаға түсті. Әскери бөлім басшылығы сарбаздың туыстарына Ербаянның дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда сарбаздың жақындары ұлдарының абайсызда құлап қалғанына сенбейді. 

Ішкі істер министрлігі тергеу барысын өз бақылауына алды. 

«Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты