«Ұлымды балабақшадан қуып жіберді»: Қалаулым арқылы танылған Камила Саян ұлының диагнозына туралы

Аиса Махамбет Редактор
02.12.2024, 17:10
1146
«Ұлымды балабақшадан қуып жіберді»: Қалаулым арқылы танылған Камила Саян ұлының диагнозына туралы жеке мұрағатынан

«Бір Болайық» бағдарламасының жүргізушісі, блогер Камила Саян ұлының диагнозына қатысты сұрақтарға жауап берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы ұлының әлі күнге дейіне ем қабылдап жүргенін айтты. 

“Алан теледидарды теріс қаратып көретін. 1 жас 6 айында диагнозы белгілі бола бастады. Оны маған оқырмандарым айтты. Оған дейін мүлдем естімегенмін. Сол күні ұйықтамадым. Бүкіл ақпаратты оқып, неше түрлісін қарадым. “Аутист” деген аты да қорқынышты болды. Одан кейін екінші соққы алдық. Аланды балабақшадан қуып жіберді. Ол кезде мен “Бір болайықта” жүргізуші едім. Эфирге 10 минут қалғанда апайы хабарласып, алып кетуімізді өтінді. Анамды жіберіп, үйге әкелді. “Сіздің балаңызда ауытқушылық бар, коррекциялық-түзету балабақшасына беріңіз” деп кеңес айтты. Содан кейін мазасыз түндер мен жылау басталды. Дәрігерге апарғанда бәрі жақсы деп шығарып салды. Бірақ үлкен қате жасадым. “Сөйлеп кетеді” деп балабақшаға беру дұрыс емес екен. Өйткені баланың миы дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Соған көбірек күш жұмсау керек. Қазір үзбей ем алғанның арқасында өзі әжетханаға барады. Айналаға бейімделіп келе жатыр”, – деді блогер. 

Одан кейін диагнозы бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға кеңес берді. 

“Ең бірінші ата-ана қатты қорқып қалады. Не істеу керегін білмейді. Сондай кезде алдымен режимін дұрыстау дан бастаған жөн. Сосын баланың жейтін тамағын қадағалау керек. Қантты азайтқан дұрыс. Тәттіқұмар баланың асқазанына қант түссе, ол ішімдік ішкен адам сияқты жүреді екен. Оның бәрін қадағалау қиын. Бірақ ата-ана соған көңіл аударғаны абзал. Онсыз нәтиже бермейді. Диагнозы бар балаларды да емдеу өте қымбат. Бір миллион теңгеден басталады. Оны үзбей алғанда ғана нәтиже болмақ”, – деді Камила. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді