Үйді тегін рәсімдейтіндердің санаты белгілі болды

03.12.2024, 11:48
705
Үйді тегін рәсімдейтіндердің санаты белгілі болды khabar.kz

Құжатта пәтерге мұқтаж азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған нормалар тізіліп жазылған.

 «Тұрғын үй саясатын реформалау» туралы заң жобасы біраз азаматтың баспана мәселесін оңынан шешіп, шапағаты тиетіні сөзсіз. Себебі құжатта пәтерге мұқтаж азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған нормалар тізіліп жазылған. Тағы бір жаңашылдығы, ешбір санатқа енбеген азаматтар енді кезекке тұра алады. Ал заңның ең маңызды тұсы, осы уақытқа дейін сатып алу құқынсыз үйді алып, ай сайын ақысын төлеген кейбір санатқа жататындар енді бұл үйде тегін жекешелендіре алады.  

Бұл ретте 30% мөлшерінде бастапқы жарна төлеу қажет. Бұл туралы Хабар арнасындағы «ӘЛЕУМЕТ» бағдарламасында айтылды.  

Бағдарлама жүргізушісі Гүлнәзия Жалғасқызы Өнеркәсіп және құрлыс министрлігінен, мәжіліс депутатынан  сұхбат жазып, нақтылаған.  

Мәселен, мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов айтуынша «Қалдық құнынан 30 пайыз болу керек. Төлейсің де қалғанын 10 жылға созып тастайсың, оны 10 тосудың қажеті жоқ, банк жоқ, пайыз жоқ, үйдің қалдық құнын үлкен жеңілдік. 2017 жылы 10 млн босла, 20 млн тұр, 2,5 төлейді, одан артық қандай көмек? Тіпті ақшасы төлей алмай жатса, ешқандай тұра беруіне болады».

Заңда тағы бір тетік қарастырылған. Мемлекет жалға алушылар арасындағы 10 санатқа үйді тегін рәсімдеуге мүмкіндік беруде. Яғни, бұл азаматтар баспананы өзіне аудару үшін ақша төлемейді.

1) Соғыс ардагерлері;
2) Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысқандар;
4) Семей ядролық полигоны салдарынан зардап шеккендер;
5) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендер;
6) бұрынғы КСРО қорғау кезінде, оның ішінде Ауғанстанда әскери қызметін өтеу кезінде мүгедектігі бар адамдар деп танылған әскери қызметшілер;
7) 20 жыл өтілі бар әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, және ішкі істер органдарының қызметкерлері, мүгедектігі бар балалар тәрбиелеп отырса – 10 жыл еңбек өтілі жеткілікті;
8) қызметін өтеу кезінде қайтыс болған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, және ішкі істер органдарының қызметкерлерінің отбасылары;
9) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары;
10) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді