Доллардың көтерілуі тұрғын үйдің бағасын да аспандатпақ

03.12.2024, 14:51
780
Доллардың көтерілуі тұрғын үйдің бағасын да аспандатпақ SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңгенің әлсіреуі мен доллардың қымбаттауы Қазақстанда тұрғын үй бағасына қалай әсер ететіні айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үкімет отырысында журналистер премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтан доллардың күрт қымбаттауының тұрғын үй нарығына қалай әсер ететінін сұрады.

«Тұрғын үй нарығында, сыртқы қаңқа делінетін сыртқы құрылыс материалдарының бәрі – цемент, арматура – ​​мұның барлығы бойынша біз өзімізді қамтамасыз ете аламыз. Бізде ішкі әрлеу құрылыс материалдарына қатысты мәселелер бар. Бұл бойынша да шаралар қабылдануда.

Индустрия және құрылыс министрлігіне импортқа тәуелділіктен тез арылу үшін Қазақстанда арнайы әрлеу материалдары бойынша құрылыс саласын дамытудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырдық. 

Импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты тұрғын үй нарығында бағаның өзгеруі болуы мүмкін, мұны жоққа шығармаймыз», – деді ұлттық экономика министрі. 

Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров министрліктің әлеуметтік тұрғын үй мәселесін бақылауда ұстайтынын атап өтті. 

«Ол жерде біз 1 шаршы метрге шекті бағаны реттей аламыз. Сондықтан бұл жерде жағдай бақылауда болады деп ойлаймын. Нарықтық тұрғын үйге келетін болсақ, әртүрлі санаттар – бизнес тұрғын үй, элиталық немесе люкс класы, менің ойымша, бағаны нарықтың өзі анықтайды. Яғни, сұраныс болса, құрылыс компаниялары сатады.

Менің ойымша, біздің құрылыс компаниялары осы жылдар ішінде маркетингті үйренді, сатуды біледі, сонымен қатар әртүрлі схемаларды ұсынады. Сатушы мен клиент бірін-бірі табады. Бұл жерде мәселе халықтың белгілі бір санатының сатып алу қабілетіне байланысты болмақ», – деді Нұрлан Байбазаров.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды