Мерекелер келе жатыр: Мектепте ақша жинау бастала ма?

03.12.2024, 16:20
781
Мерекелер келе жатыр: Мектепте ақша жинау бастала ма? Azattyq Rýhy

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде жаңа жылдық іс-шараларға ақша жинауға жол берілмейтінін жеткізді.

Министр заң жүзінде ақша жинауға тыйым салынғанын еске салды.

«Ақша жинауға министрліктің бұйрығымен де тыйым салынған. Сондықтан мектепте ешқандай ақша жиналмауы керек. Бұл мектеп бітіру кешіне де, жаңажылдық шыршаға да қатысты. Кез келген шараны ақша жинамай-ақ өткізуге болады. Оның үстіне қазір барлық шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жоспарланған. Кез келген іс-шара көңіл көтеруге ғана емес, жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталуы тиіс», - деді Ғани Бейсембаев.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрі мұғалімдердің ешқандай сыйлық күтпейтінін атап өтті.

Бұған дейін «Гүл сыйлауға бола ма?» деген сұраққа жауап бергенмін. Иә, рұқсат етілген шекте болады. Жалпы мұғалімдер ешқандай сыйлық күтпейді. Біз балаларды ешқандай материалдық марапат күтпеуге үйретіп, тәрбиелеп жатырмыз. Сол себепті егер жекелеген білім беру ұйымдарында осындайға жол берілсе, біз тиісті шара қабылдаймыз, - деді министр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді