Танымал актриса тойының алдында суға батып, қайтыс болды

Аиса Махамбет Редактор
03.12.2024, 19:25
835
Танымал актриса тойының алдында суға батып, қайтыс болды бейнежазбадан алынған кадр

Небәрі 24 жастағы бойжеткен бірнеше күннен соң өтетін үйлену тойына дайындалып жүрген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 24 жастағы ресейлік актриса Камилла Беляцкая Таиландтағы Самуи аралында суға батып кетті. Йогамен айналысып жатқан актрисаны теңіз толқыны шайып кеткен. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі жазды.

Камилла Самуиге болашақ жарымен бірге барып, тойды сол аралда өткізуді жоспарланған. Жұп тіпті той алдындағы фотосессияны да жасап үлгерген.

Ал қайғылы оқиға болатын күні Камилла Lad Ko Viewpoint алаңына барған. Бұл актрисаның сүйікті орны екен. Көлігінен йогаға арналған кілемшесін алып, толқындардың жанында жаттығып жатқан. Кенеттен алып толқын бойжеткенді суға алып кетті. Бұл сәт видеоға да түсіп қалыпты. Кадрдан оның жартастардың үстінде айналасына қарап отырғанын көруге болады.

Құтқарушылар оқиға орнына 15 минуттан соң жеткенімен, оны таба алмаған. Судан бойжеткеннің кілемшесі ғана анықталды.

Іздеу жұмыстары күні бойы жалғасып, түнде ғана тоқтатылған. Екінші күні қайта жалғасқан. Алайда актрисаның денесі араға екі күн салып қана табылды.

Куәгерлер оны құтқармақ та болыпты, тіпті солардың бірі суға секірген, әзірге оның тағдыры белгісіз.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды