«Жатқан жерің жайлы болсын»: Данияр Елеусінов WBC чемпионына сес көрсетті

04.12.2024, 10:48
822
«Жатқан жерің жайлы болсын»: Данияр Елеусінов WBC чемпионына сес көрсетті бейнежазбадан алынған кадр

Данияр америкалық Марио Барриосты жекпе-жекке шақырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жартылай орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО), өзінің келесі қарсыласы ретінде WBC чемпионы америкалық Марио Барриосты (27-2, 18 КО) атады. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Данияр әлеуметтік желіде Барриосты жекпе-жекке шақырып, чемпиондық титул үшін бақ сынауға дайын екенін мәлімдеді. Қазақстандық боксшының сөзінше, бұл жекпе-жек оның мансабындағы маңызды қадам болмақ.

«Екі апта бұрын мен сені жекпе-жекке шақырдым. Бірақ сен әлі де үнсіз отырсың. Қайдасың? Менен жасырынба. Соңғы жекпе-жегімде мен WBC Peace белбеуін жеңіп алдым. Ал менімен кездескеннен кейін сен «Жатқан жерің жайлы болсын» белбеуін аласың, ал мен сенің WBC Әлем чемпионы белбеуіңді тартып аламын», – деп жазды Данияр Елеусінов.

Айта кетейік, америкалық Марио Барриос WBC белбеуін қазан айында жеңіп алып, оны қорғау үшін қарсылас іздеп жатыр. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады