782

Газет оқисыз ба: Басылымдарды жеткізуге бас қатырып отыр

«Қазір газетті кім оқиды?» дейтіндер көп. Қала берді, жер-жерде пошталар жабылып, газет-журнал тарату шаруасын қиындағалы тұр. Бұл ретте, Мәжілісте «Қазпошта» қызметін дамытуға арналған заң жобасы талқыланып жатыр.

Газет оқисыз ба: Басылымдарды жеткізуге бас қатырып отыр
atpress.kz

Жиында газет-журналдарды тарату субсидиясының күрт қысқарғаны айтылды. Депутат Аманжол Әлтай «Қазпоштаның» басылымдарды жеткізу шығынын субсидиялау функциясын Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне беру туралы мәселе көтерді.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

«Бұрын біздің министрлік Мәдениет министрлігімен біріктірілген болатын. Бірминистрлік болғандықтан субсидияны бірден бердік. Қазір екі министрлік бөлек-бөлек шықтық. Сондықтан осы басылымдарды тарату қызметтерін негізінде Мәдениет және ақпарат министрлігі өзіне алу керек. Мен солай ойлаймын», - деді вице министр.

Оның сөзінше, соңғы бір жылда газет-журнал тасымалының субсидиясы 3 есе қысқарып қалған.

«Біз жыл сайын бюджеттен 10 млрд теңгедей қаражат алатынбыз. Оны түгел субсидияға береміз. Бірақ биыл бізге 3 млрд теңге ғана берілді. Яғни, басылымдардыжеткізу субсидиясының көлемі бізге байланысты емес», - деді Асхат Оразбек.

Материал авторы