725

Қыз алып қашу дұрыс па, бұрыс па?

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік маңызы бар мәселелерді «талқылап болып», қыз алып қашу мәселесіне көшті. Олар мұндай әрекетке заңмен тосқауыл қоюдың бірнеше жолын ұсынып отыр.

Қыз алып қашу дұрыс па, бұрыс па?
depositphotos.com

Мәдениет туралы заңнаманы жетілдіруге арналған заңның жобасын талқылау кезінде қыз алып қашу дәстүрін ән арқылы насихаттап жүрген өнер иелеріне сын айтылды.

«Қыз алып қашуды теледидар арқылы насихаттап жүрміз. Мұндай контентке тыйым заңмен тыйым салу керек, - деді депутат Мұрат Әбенов.

Еділ Жаңбыршин әріптесінің пікіріне қолдау білдірді.

- Басқа ұлттың біреуі жасамайды. Жасап жүрген өзіміз. Менің үш қызым бар, мысалы. Алдымыздан өтіп, құда түсіп алғанын бәріміз де жақсы көреміз. Ал мынауқоғамдағы үлкен дерт. Үлкен мәселе. Бұған қылмыстық жауапкершілік қарастыру керек, - деді депутат.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бұл мәселенің күн тәртібіндегі заңдарға қатысы жоқ болғанымен, алдағы отырыстарда жеке талқылауға лайық екенін айтты.

Материал авторы