Су тасқынында иесіне көмектескен Пшөн атты итті атып кетті

04.12.2024, 13:32
619
Су тасқынында иесіне көмектескен Пшөн атты итті атып кетті әлеуметтік желіден

Пшөнді ит ататындар үй маңында заңсыздыққа қарамастан атып өлтірген. Полиция қылмыстық іс қозғады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция Сарытоғай ауылының тұрғыны Пшөннің және басқа да иттердің үстінен шағым түсіргенін мәлімдеген. Сол себепті оларға ветеринарлық маман жіберіліпті. Ол жануарларды ұйықтату мақсатында, жебемен атқан.

“2024 жылдың 28 қарашасында Махамбет ауданында учаскелік ветеринарлық станцияға тұрғындардың бірінен шағым түсті. Жергілікті тұрғын аулада бөтен үш иттің жүргенін, сол себепті үйге кіре алмай тұрғанын хабарлады”, – делінген Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының хабарламасында. 

Басқарма мәліметінше, ауыл тұрғынының арызын қарау үшін ветеринарлық маман жіберілді. Ол оқиға орнына келіп, "иттерді уақытша ұйықтату” рәсімін жүргізіп, оларға жебе атқан.

"Екі ит ұйықтап қалды. Ал үшінші ит Пшөнге жебе тиіп, өзенге қарай қашып кетті. Осылайша ол түсініксіз жағдайда өлді. Прокуратура мен учаскелік полиция ветеринарлық бекет қызметкерінің әрекетінің заңдылығын зерттеп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қожайындар иттерін қоғамдық орындарда екі метрден аспайтын қарғыбаумен серуендетуі керек. 

“Иттерді еркін серуендету немесе үйрету арнайы белгіленген жерлерде жүргізіледі”, – делінген хабарламада.

Облыстық полиция "жануарларға қатыгездік көрсету" бабы бойынша іс қозғады.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады