Грузия мен Оңтүстік Кореяда қанша отандасымыз жүр?

04.12.2024, 14:50
558
Грузия мен Оңтүстік Кореяда қанша отандасымыз жүр? SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Аталған елдерде қақтығыстар белең алғаны белгілі. Бұл ретте, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Оңтүстік Корея мен Грузиядағы қазақстандықтар туралы айтты.

СІМ өкілі отандастарымыздың елшілікпен тығыз байланыста екенін атап өтті.

«Біздің сыртқы саясатымыз шет мемлекеттердің ішкі саясаттарына ешқандай баға бермейді. Басты мақсатымыз – Оңтүстік Кореяда тұратын қазақстандықтарды қорғау. Өздеріңіз білетіндей, Кореямен визасыз режим орнатылған. Ол жақта 30 мыңнан аса азаматымыз бар. Бірақ, көпшілігінің ішкі миграция заңын бұзып жүргенін де атап өту керек. Қазақстан елшілігі ел азаматтарымен байланысып отыр. Зардап шеккендер жоқ», - дейді Әлібек Бақаев.

Ал Грузияда нақты қанша азаматтың жүргені белгісіз.

«Қазір нақты қанша азаматымыздың Грузияда жүргенін айта алмаймын. Себебі, бізде Грузиямен визасыз режим орнатылған. Күн сайын Грузияға қаншама қазақстандық демалысқа барып жатыр. Грузиядағы Қазақстан елшілігі мәселені тұрақты бақылап отыр. Кез келген отандасымызға көмек көрсетеміз. Елшілік пен Сыртқы істер министрлігінехабарласып, көмек сұрай алады. Бүгінге дейін ешқандай азамат көмек сұрап, жүгінбеді», - дейді СІМ өкілі.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады