932

«Әскерилерді өзіме ғашық етемін»: Амилай әскерге шақырту алды

Жынысын өзгерткен танымал блогер Амилай әскерге шақырту келгенін айтты.

«Әскерилерді өзіме ғашық етемін»: Амилай әскерге шақырту алды
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы әскерге шақырту қағазын көрсетіп, оқырмандарын шулатты. 

“Маған қоңырау шалып: "бауырым, сен қайдасың?" Мен бауырым емес, қарындасыңмын деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде келу керегін айтты", – деді желі белсендісі. 

Сондай-ақ ол әскерге барынша әдемі болып баруды жоспарлап отырғанын жасырмады. 

Мен армияға дайындаламын. Шашымды жасаймын, кірпіктерімді ұзартамын.  Әскерде әдемі болып жүремін. Әр түрлі жігіттер мен офицерлерді өзіме ғашық етуім керек”, – деді трансгендер.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор