«Екінші отбасынан ұлы бар»: Майра Ілиясова күйеуімен неге ажырасып кеткенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
07.12.2024, 15:05
11280
«Екінші отбасынан ұлы бар»: Майра Ілиясова күйеуімен неге ажырасып кеткенін айтты ruh.kz

«Тойымда Құдайберген Бекіш мас болып қалған» дейді Майра Ілиясова.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, Сырласу бағдарламасында қонақ болды. 

«Екі жетім болып қосылдық. Оның анасы ғана болды. Менің үш әпкем ғана бар. Үйленгенде күйеуімнің ештеңесі болған жоқ. Енем 60 жастан асқан кәрілеу кісі болды. Жалпы, өнердегі жүрген қыз-келіншектерге отбасын сақтап қалу қиындау. Өнеріңді түсінетін жар жолықса игі. Бүгінге дейін жалғыз өмір сүріп келемін. Жолдасым спортпен көбірек айналысты. Соңғы уақытта менің гастрольдік сапарым көбейіп кетті. Ол «Осы концерттеріңді қойсаң қайтеді?! Мына бала қалып қояды» деген кезде мен ойлана келе оған «Мен өнеріммен қала берейін» дедім. Мен жай ғана дауысым орташа болса, мүмкін үйде отырар ма едім. Бірақ халыққа танымал болдым. Солай өзіміз ақылдасып шештік. Әрине, ол екі жылдай көнбеді. Бірақ сондай әдемі айырылыстық. Қазір отбасы, ұлы бар. Араласып тұрамыз. Қызым әкесімен керемет қарым-қатынаста, әкесін қатты жақсы көреді», – деді өнер иесі. 

Сондай-ақ үйлену тойларының қалай өткенін де айтып берді. 

«Біздің тойда Құдайберген Бекіш мас болып қалған. Бұрын-соңды мүлдем арақ ішпеген жігіт екен. Көтере алмай қалып, жедел жәрдеммен алып кеткен. Роза Рымбаева келе алмады. Құдайберген Бекіш, Гүлбаушан Тергеубекова бастаған өнердегі замандас құрбы-құрдастарымыздың бәрі болды. Ауылдың жігіттері үрмелі аспаптарын дайындап қойыпты. Ауланың шаңын шығарып билеп, ақ көйлегімнің етегі балшық болып кеткен. Сол кезде де екеумізден артық бақытты жан жоқ еді», – деді халық әртісі. 

«АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) «Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) Жетісу облысында 5 жасар қызды қағып өлтірген мас жүргізушіні сот босатып жіберген «Теңіздегі бес жұлдызды қонақүй»: Енді Каспий теңізінде круиздік лайнер қатынайды Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады Зеленский Трамптан Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді сұрады Өскеменде ер адамды өлтіріп, мәйітін аурухана маңына тастап кеткендер ұсталды