Ақтөбе облысында 8-сынып оқушысын ұрып-соғып өлтірген студенттерге сот үкімі шықты

Аиса Махамбет Редактор
07.12.2024, 17:06
517
Ақтөбе облысында 8-сынып оқушысын ұрып-соғып өлтірген студенттерге сот үкімі шықты жеке мұрағатынан

Еркін күреспен айналысатын оқушыны 2-курс студенті ұрып өлтірген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Есет батыр атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысының өліміне қатысты үкім шығарды.

Сот мәліметінше, 2024 жылдың 11 сәуірінде Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 2-курс студенті Қ. оқу орнының еркін күреспен айналысатын 8-сынып оқушыларын жинаған. 

«Ол сол күні кешкі жаттығудан кейін 8-сынып оқушыларына мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің бөлмесіне жиналу керегін айтқан. Оларды жинауды Ж.-ға және басқа да 9-10-сыныптың оқушыларына тапсырған. Ж. сол күні сағат 21:00 шамасында 8-сынып оқушыларын бөлмеге жинаған.

Сөйтіп, аталған бөлмеге Қ. келіп, оқушыларды бір сапқа тұрғызып, моральдық және физикалық тұрғыдан қысым көрсеткен. Жиналыс жасауға ешқандай өкілеттігі болмаса да, олардың тәртібі мен спорттағы нәтижелерінің төмендеп кеткенін айтқан. Ж.-ға және басқа да 9 және 10-сыныптың оқушыларына 8-сынып оқушыларын ұруға нұсқау берген», – делінген сот мәлімдемесінде. 

Сот мәліметінше сотталушы Қ. 9-сынып оқушылары Х. мен Ұ.-ға 8-сынып оқушыларын жәй ұрғандарын айтып, қаттырақ ұруды талап еткен. 

«Екі оқушы 8-сынып оқушыларын қайта ұрып шыққан. Кейін, Ж. 8-сынып оқушысы Ә.-ге келіп, оның екі бетінен алақанымен ұрып, екі иығынан ұстап, оң тізесімен төс бөлігіне соққы жасаған. Оқушының денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, соның салдарынан Ә. есін жоғалтып, жерге құлап, қайтыс болған», – делінген хабарламада. 

Сот отырысында прокурор сотталушы Ж-ны 6 жыл 8 айға, Қ-ны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушілер және оның өкілі сотталушыларға қатаң жаза тағайындауды талап етті. Сотталушылар өз кінәларын мойындамады.

Ал олардың қорғаушылары Қ.-ні ақтауды, ал Ж.-ның қылмыстық әрекеттерін қылмыстық кодекстің 104-бабының 1-бөлігіне (Абайсызда қазаға ұшырату) қайта саралауды сұрады. 

Сотталушылардың кінәлары жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшының, маманның жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен, бейне-жазбалармен, заттай дәлелдемелермен расталды.

Сот қылмыстық жаза тағайындау кезінде сотталушылардың бұрын соңды сотталмағанын ескерді. Сотталушы Ж.-ның кәмелеттік жасқа толмағанын қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жай деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

Сондай-ақ сот кәмелетке толмағандарды бас бостандығынан айыру – он жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы керегін айтты. 

Сот үкімімен сотталушы Қ. кінәлі деп танылып, оны 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды. Ал Ж. кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды