Дәмханадан сыра сатып алғаны үшін ақтөбелік тұрғын 8 миллион теңге айыппұл төлейтін болды

08.12.2024, 15:15
515
Дәмханадан сыра сатып алғаны үшін ақтөбелік тұрғын 8 миллион теңге айыппұл төлейтін болды Sputnik / Евгений Одиноков

Ақтөбелік полицейге бұрын сотталған жұмыссыз ер адам мен 20 жастағы жігітті дәмханада алкогольдік ішімдікті заңсыз сатуға мәжбүрледі деген айып тағылды. Нәтижесінде екеуі сотты болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іс материалдарын сәйкес, қалалық басқарманың полиция қызметкері бұрын сотталған 46 жастағы ер адамнан әлі 21 жасқа толмаған жігіт тауып беруді сұраған. Бұл туралы Stan.kz жазды.

Полицейге 20 жастағы жігіт кафеден алкоголь сатып алып, оны заңсыз сатып алуды видеоға түсіру үшін қажет болған. Осылайша дәмхананы әкімшілік жауапкершілікке тартып, сол арқылы бизнеске қысым көрсетуді жоспарлаған. 

Бұрын сотты болған азамат туысы арқылы 20 жастағы жігітпен кездесіп, оған істің мәнісін айтқан. Көмектескені үшін 10 мың теңге беретінін жеткізіп, полиция қызметкерімен таныстырған.

Жас жігіт келісіп, кафеден сыра сатып алып, барлығын видеоға түсіріп, кейін полиция бөлімшесіне арыз жазған. Кейін дәмхана қожайынының ұлы жас жігіттен арызын қайтарып алуды өтініп, оған ақша ұсынса да, қабылдамаған.

Жігіт мұның бәрін жаңа танысына айтып, оны осы іске араластырған. 46 жастағы ер адам оған жағдайды пайдаланып, кафе өкілінен полиция қызметкерлері үшін 300 мың теңге талап етуді сұраған. Егер ол бас тартса, мекеменің алкогольдік ішімдік сатуға лицензиясын алып қоямыз деп қорқытуды ұсынған. 

Бұрын сотталған азамат кафе иесінің ұлымен телефон арқылы сөйлескен кезде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған. Тараптар 300 мың теңгеге келісіп, оның 50 мың теңгесін дәмхана иесінің ұлы көрсетілген деректемелерге аударып, қалған 250 мың теңгесін жігітке берген. Осыдан кейін жәбірленуші Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арыз жазып, жас жігіт пен бұрын сотты болған сыбайласы ұсталды.

Екеуі де қылмысын мойындап, арандатушылықты ойлап тапқан полиция қызметкері екенін айтқан. Дегенмен полицей сотқа дейінгі тергеуде де, сотта да куәлік беруден бас тартқан.

46 жастағы ер адам сотта полицейдің 300 мың ісіне еш қатысы жоғын, жағдайды өз пайдасына шешкенін түсіндірді.

Жәбірленуші (дәмхана иесінің ұлы) сотта айыпталушыларға ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді. Ал полицейлердің мұндай арандатушылықты үш жылдан бері жасап келе жатқанын айтты. 

Сот 46 жастағы ер адамды алаяқтық және пара беруге шақырғаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ал жігіттің бұрын сотталмағанын ескеріп, 7 миллион 980 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Сот екеуіне де өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды.

Сондай-ақ сот ішкі істер бөлімінің бастығына қатысты жеке қаулы шығарды.

Онда қызметкердің қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқара отырып, өзінің арандатушылық әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделі мен құқық қорғау жүйесінің қоғам алдындағы беделіне нұқсан келтіріп, заң талаптарын өрескел бұзғаны айтылған.

Сот полиция басшылығынан қызметкерлердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын болдырмау үшін шаралар қабылдауды талап етті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды