1615

«Мөлдірдікі ерсілеу енді»: биші қызына қосылып билеген Тұрсынбек Қабатовтың әйелі елді таңғалдырды (ВИДЕО)

Жасөспірім қызымен құрдастарша билеген Мөлдір Мұқанова биімен таңғалдырды.

«Мөлдірдікі ерсілеу енді»: биші қызына қосылып билеген Тұрсынбек Қабатовтың әйелі елді таңғалдырды (ВИДЕО)
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі Мөлдір Мұқанова желіде қызымен түскен видеосын жариялап, елді таңғалдырды. Оқырмандар өнер иесінің ерекше талантына тәнті болған.

Мөлдір Мұқанова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Видеода продюсердің қызымен заманауи би билеп жатқанын көруге болады.

Тұрсынбек Қабатовтың келіншегі мен қызының биі желіде бірден қызу талқыға түсті. Бірі анасы мен қызының өнеріне тәнті болса, енді бірі Мөлдір Мұқанованы сынап үлгерген.

"Өнерлі отбасы. Мөлдір ханым, жас қыздайсыз", "Билейді деген сайын билей бергені несі?! Мөлдірге жараспайды", "Мамасы қайта қызы сияқты", "Пластикаларыңыз топ", "Бәрі келеді қолдарынан", "Мөлдірдікі тым ерсілеу секілді. Жасына сай дүние жасау керек сияқты", - деп жазуда көпшілік.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор