IT маманы ақшаны күреп таба ма?

09.12.2024, 19:22
887
IT маманы ақшаны күреп таба ма? alem.school

Бұрындары балалар өскенде заңгер, мұғалім, дәрігер болуды армандайтын еді. Бүгінде заман ағымына сай жаңа мамандықтар пайда болып, сәйкесінше қыз-жігіттер де икемделе бастады. IT маманы атанып, миллиондаған жалақы алуды мақсат еткен жастар көп.

Бұл ретте, Орталық Азиядағы алғаш рет өзара оқыту принциптері негізінде құрылған Alem School мектебі өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтуде. Мектеп алғашқы күндерден бастап IT мамандарын даярлау саласында көшбасшы ретінде танылып, инновациялық әдістемелерді енгізу арқылы білім беру үдерісінің дәстүрлі модельдерін түбегейлі өзгерткіп жатқанын атап өткен жөн.

Мұнда дәстүрлі дәрістер мен мұғалімдер жоқ. Мектеп студенттерін практикалық тапсырмалар мен нақты жобаларда бірлесе жұмыс істеу арқылы оқытады. Осы арқылы студенттер тек жаңа мамандықты меңгеріп қана қоймай, еңбек нарығында құнды маманға айналуға мүмкіндік алады.

Бес жыл ішінде мектеп түлектері әртүрлі компанияларда табысты мансап құрып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Атаулы мерейтойға орай өткен кешке жиналғандар әлемнің түкпір-түкпірінен келген IT мамандармен тәжірибе алмасып, жаңа идеяларымен бөлісті. Аталған мектеп алдағы уақытта да заманауи IT білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтарды енгізуді жалғастырып, өз студенттеріне үлкен мүмкіндіктер ұсынуды көздеп отыр. Мектеп 5 жыл ішінде тек қазақстандық білім беру жүйесіне жаңа серпін әкеліп қана қоймай, бүкіл Орталық Азия өңірінде өз бағытын айқындап, жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау жолында үлкен қадамдар жасағанын атап өткен жөн.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды