1151

Сотталып кеткен актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты

Алматыдағы караоке-барда жаппай төбелеске қатысып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған белгілі актер Асқар Жұмабек қамаудан босатылды.

Сотталып кеткен актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі досына араша түсемін деп түрмеге түскен болатын. 

“Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!”, – деп жазды актер. 

Желі қолданушылары кино жұлдызының аман-есен босап шыққанына құттықтау-тілек жазып жатыр. 

“Енді тентек болма”, “Аман-есен оралдың, енді киноға түс”, “Қуанғанымнан жылап алдым”, “Әділетсіздіктің құрбаны болып кеткен едің”, “Достарыңның арқасында босап шықты”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Асқар Жұмабектің бұрын істі болғаны туралы ақпарат тараған еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор