11 рет баласы шетінеп кеткен алматылық әйел тұңғышын аман-есен өмірге әкелді

10.12.2024, 17:35
791
11 рет баласы шетінеп кеткен алматылық әйел тұңғышын аман-есен өмірге әкелді көрнекі фотосурет / Stock Photo

12-ші рет жүкті болған 44 жастағы әйел тұңғышын өмірге әкеліп, аман-есен бауырына басты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 44 жастағы әйел 12-ші рет бала көтеріп, дәрігерлердің арқасында алғашқы сәбиін қолына алды.

Әйел Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 15-ші аптасында жеткізілген. Ведомствоның мәліметінше ол бұған дейін 11 рет жүкті болып, барлық бала жатырда шетінеп кеткен. Екі экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) да сәтсіз аяқталды. Бұл оның соңғы мүмкіндігі болған.

Біз консилиум өткізіп, науқасты гематологқа жібердік. Ол бұрын диагноз қойылмаған антифосфолипидтік синдромды анықтады. Ол жүктіліктің үзілуіне себеп болды. Біз асқынулардың алдын алуға көмектесетін емдеуді бастадық, - деді № 2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова.

Дәрігерлер әйелді жеті рет тексеріп, үнемі бақылап, ішіндегі баланы аман алып қалу үшін дәрі-дәрмегін берген. Соның арқасында әйел баласын 34-ші аптасына дейін аман-есен көтеріп жүрген. 34-ші аптадан кейін әйелдің қан қысымы көбейіп, преэклампсия басталған соң, дәрігерлер әйелді шұғыл түрде босандырған. Көптен күткен, салмағы 2700 грамм ұл бала дүниеге келді. Анасы мен баласын үйіне шығардық, қазір денсаулықтары жақсы.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды