Шерзаттың өліміне қатысты тергеу 2025 жылға дейін аяқталатыны мәлім болды

11.12.2024, 16:30
1105
Шерзаттың өліміне қатысты тергеу 2025 жылға дейін аяқталатыны мәлім болды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Ішкі істер министрлігі елді дүр сілкіндірген істің сотқа дейінгі тергеуі қашан аяқталатынын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жыл соңына қарай полицияның жасөспірім Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты тергеуді аяқтайтынын мәлімдеді. 

Санжар Әділов қылмысқа қатысы барлардың жазаланатынын жеткізді.

«Жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда болады. Олардың барлығы жауапқа тартылады.

Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады, әрі қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстырамыз», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді. Кейін жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. 

Ал күні кеше Талғардың шетінен Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Осы жайттан соң Шерзаттың ашынған әкесі журналисттердің келуін талап етіп, қолына пышақ ұстап өзіне тақап, полицейлерден жауап сұрады. Алайда кейін Қаржаубай Нұрымов “Бұзақылық” бабы бойынша сотталып, 15 тәулікке қамауға алынды. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды