Көзді ашып-жұмғанша: Астанадан Бурабайға пойыз 146 минутта апарады

13.12.2024, 15:26
503
Көзді ашып-жұмғанша: Астанадан Бурабайға пойыз 146 минутта апарады rail-news.kz

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Астана — Бурабай курорты» жаңа туристік электр пойызы іске қосылды. Бұл бағыттың ерекшелігі —  курорттық аймаққа еш аялдамасыз 2 сағат 26 минутта жете аласыз.

№ 7515/7516 «Астана-Бурабай курорты» туристік бағыты тақырыпқа сай безендірілген. Онда 6 вагон бар және 574 жолаушы сыяды. Билет құны 2500-2700 теңге аралығында.

Пойыз вагондары Қазақстанда жасалған (ЗИКСТО) және «Комфорт Плюс» класты орындықтармен жабдықталған. 

«Мемлекет басшысының елдің туристік әлеуетін дамыту тапсырмасын орындау мақсатында Көлік министрлігі инфрақұрылымды жаңғырту және теміржол тасымалдары үшін қолайлы жағдай жасап келеді. Электр пойызда микроклимат жүйесі, жылдамқуаттайтын USB-розеткалар, Wi-Fi және велосипед бекітуге арналған құралдар бар. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы көтергіштер мен мүгедектер арбаларынаарналған орындар қарастырылған», - деді ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитетінің Төрағасы Жәнібек Тайжанов.

Сонымен қатар жол бойында Астана мен Бурабайдың табиғаты мен тарихы туралы эксклюзивті аудиогидті тыңдауға болады.

Алғашқы күні-ақ туристік пойыз билеттерін 100-ден астам жолаушы сатып алған. Келушілерге мерекелік фуршет, викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, естеліксыйлықтар таратылды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Астанадан Бурабай курортына дейін әртүрлі кестемен 5 пойыз жұмыс қатынайды.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді