667

Ақтөбеде апатты мектептер аз емес: Проблема шешіліп жатыр ма?

Облыс әкімі Асхат Шахаров өңірдің дамуындағы басты бағыттар — білім және денсаулық сақтау саласы екенін айтты.

Ақтөбеде апатты мектептер аз емес: Проблема шешіліп жатыр ма?
көрнекі фотосурет / Stock Photo

«Әсіресе қазір сапалы білім беруді ұйымдастыру басты басымдық. Осы орайда биылғы жылы 8 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 2 мектеп құрылысын аяқтау жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, алдағы жылдары 11,4 мың оқушыға арналған 14 жайлы мектеп құрылысын аяқтап, іске қосамыз. Одан бөлек, үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу мақсатында келер жылы 16,4 мың оқушыға арналған 27 мектеп салынады. Сондай-ақ, 300 орындық балабақшаның құрылысы басталады, — деді Асхат Шахаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінде.

Белгілі болғандай, медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде 29 жоба іске асырылуда. Қазір 12 нысан пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы 6 нысан іске қосылмақ.

Материал авторы