«Қайраттың анасының көзіне түстім»: есепші болған әнші Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға қайта оралды

Аиса Махамбет Редактор
13.12.2024, 18:50
6204
«Қайраттың анасының көзіне түстім»: есепші болған әнші Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға қайта оралды жеке мұрағатынан

Айтылған әңгіменің бәрі жалған дейді көпшілікті сағындырған әнші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2010 жылдары хитменге айналған әнші Сырым Исабаев 10 жылдан кейін сахнаға оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды. 

Өнер иесі “1001 түн” бағдарламасында қонақ болып, өнерден алыстау себебін түсіндірді. 

“2014 жылы соңғы рет концерт беріп, сахнамен қош айтыстым. Негізгі мамандығым – бухгалтер. Сол салаға бет бұрғым келді. 2005 жылы өнерге араласа бастадым. Қайрат Нұртаспен дуэт жаздық. “Алыш қашу операциясы” деген кино түсірдім.

Халық жылы қарсы алды. Бір кезде дипломым бойынша жұмыс істеп көргім келді. Есеп-қисапты білетін болғасын кәсіп бастауды жөн көрдім. Бүгінде екі демалыс аймағы мен жасөспірімдерге арналған білім беру сауықтыру кешінін аштым. Олар күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұр. 

Ештеңе мәңгілік емес. Өнерден де кететін кез болады. Сол кезде бала-шағамды кім асырайды?! Олар Шымкентте тұрады. Мен Алматы мен екі ортада жүремін. Сондықтан кәсіп бастадым. Берекелі болып жатыр”, – деді Сырым. 

Сондай-ақ өнер иесі Қайрат Нұртаспен арадағы жанжалға қатысты пікір білдірді. 

“Қайрат екеумізге айтылған әңгіменің бәрі жалған. “Ренжісіп қалыпты, ақшаға таласыпты” деген сөздердің бәрі өсек. Мен 10 жылға жуық өнерден кетсем де, өнердегі достарымды сақтап қалдым. Қайрат та жеке әнші болып танылды. Мен де ән айтып жүріп, Қайраттың анасының көзіне түсемін.

Сондай кезде дуэт жазу идеясы ойға келеді. Бір жыл ішінде бірнеше ән жазып, бейнебаян түсірдік. Жобаларымыздың бәрі халықтың көңілінен шықты. Қайраттың таланты керемет. Қанша жыл сахнада жүр, әлі де берері көп азамат”, – деді өнер иесі. 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды