«Үкіммен келіспейміз»: Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды

Аиса Махамбет Редактор
14.12.2024, 14:33
719
«Үкіммен келіспейміз»: Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Судья жалған куәгер болғандардың бәрін жауапқа тарту туралы да шешім шығарды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды. Судья қанды қылмысты жасады деген күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ бұл үкіммен жәбірленуші тарап келіспей отыр. Бұл туралы КТК арнасы жеткізді. 

Сұмдық оқиға жыл басында Үржар ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың бірі түнде дүкеннің алдында адам өліп жатқанын көріп жедел жәрдем шақыртқан. 22 жастағы Рахат Райбекті аяусыз пышақтап кеткен екен. Марқұмның туыстары бір үйдің жалғыз ұлына 21 жерден пышақ салған дейді. Кейін осындай айуандыққа барды деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды.

“Қылмыскерге аса жоғары жаза берілген жоқ . Бізең жоғарғы жаза берсін деп бірнеше рет талап-өтініш жазғанбыз. Өкінішке қарай, тергеу ісі де, сот тергеу ісі де қанағаттандырмады. Енді біз апелляцияға беріп, әрі қарай әділдіктің, шындықтың түбіне жетуге дайынбыз”, – дейді марқұмның әпкесі Шолпан Мұхамеджанова.

Судья жалған куәгер болғандардың бәрін жауапқа тарту туралы да шешім шығарды. Сондай-ақ әскери комиссариатқа да тексеріс жүргізілетін болады. Себебі, қара жамылған отбасы айғақтарды жоюға көмектескендердің барлығын жауапқа тартуды талап еткен. Ал сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтемек.

“Қанат Саматұлы Пұшпақпаев, ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігіне сай қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. ҚР ҚК 46-бабы, 5-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтесін”, – деді судья Айжан Бесеева.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген