Бақыт Сәрсекбаев Олимпиаданы жеңген боксшылардың керексіз болып қалатынын айтты

15.12.2024, 10:40
1080
Бақыт Сәрсекбаев Олимпиаданы жеңген боксшылардың керексіз болып қалатынын айтты жеке мұрағатынан

Ол боксшылар құрамадан кетіп қалған соң ешкім іздемейтінін жеткізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан Бейжің олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бүгінде керексіз болып қалған боксшылар туралы айтты. Бұл туралы 1Bol.kz жазды.

Ол Олимпиадада үздік атанып, алтын медаль иеленген боксшылар құрамадан кетіп қалған соң ешкім іздемейтінін жеткізді. Боксшы «Берен Live» арнасына берген сұхбат барысында мәселе көтерді.

«Елімізде қаншама Олимпиада чемпиондары бар. Ермахан Ибраимов, Бақтияр Артаев, мен бармын, Данияр Елеусінов секілді басқа да чемпиондар бар. Соларға ұлттық құрамадан "Жігіттер, келіп бір жаттығу өткізіп беріңдерші. Балаларға мотивация беріңдерші" деп айтты ма? Ондай сұрақты ешкім қоймайды да. Тіпті айтпайды. Қазір кім қайда жүр, ол маңызды емес», - деді боксшы.

Белгілі спортшы сұхбат барысында кезінде Өзбекстан құрамасы сапында неліктен Олимпиадаға бара алмай қалғанын атаған болатын. Боксшыны өзбек бапкерлері ұлты үшін алалап, Афиныға апармаған. Осыдан кейін ол Тәжікстан атынан Олимпиадаға қатысуды көздеген. Алайда оған бокс қауымдастығы рұқсат бермеген көрінеді.

Бақыт Сәрсекбаев бұған дейін өзінің шетелде бапкерлік қызметте жүргенін айтқан болатын. Жақында еліміздің спорт министрі оны елге шақыру үшін ұсыныс жасалып жатқанын мәлімдеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді