«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: белгілі блогер көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

Аиса Махамбет Редактор
16.12.2024, 15:10
798
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: белгілі блогер көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті жеке мұрағатынан

Блогер құрбыларына күйеуі мен енесінен көрген қорлығы жайында айтқан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанның Самарқанд қаласында 23 жастағы бьюти-блогер және косметолог Гузаля Махматқұлова көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті. Бұл ақпаратты Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдинов растады. 

Бұл оқиға 12 желтоқсан күні болғанын Nemolchi.uz жазды.

«Қайғылы оқиға 12 желтоқсанға қараған түні болған. Қазіргі уақытта Самарқанд қалалық прокуратурасы істің мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, куәгерлерден жауап алды. Қайтыс болу себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп жазылған хабарламада.

Nemolchi.uz марқұм блогердің құрбыларына жазған хаттарын жариялады. Ол жерде Гузаля күйеуі мен енесінің қорлығы туралы айтқан. Оның ішінде “Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты” деп жазған. Ұйымның хабарлауынша, Гузаля отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болуы мүмкін. Соның салдарынан өзіне қол жұмсаған. 

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.

Қазіргі уақытта Самарқанд прокуратурасы марқұмның өз-өзіне қол жұмсауына себеп болған жағдайларды зерттеп жатыр. Бұл оқиға қоғамдағы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін қайта көтеріп, құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғамның назарын аудартты.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады