«Ұрпақтарымызға мұра болып қалады»: Құралай Анарбекова мәһрге 2000 кітап сұрайтынын айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.12.2024, 12:58
1318
«Ұрпақтарымызға мұра болып қалады»: Құралай Анарбекова мәһрге 2000 кітап сұрайтынын айтты жеке мұрағатынан

«Күйеуге шығуға асығыстық жоқ» дейді актриса.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Танымал актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шығуға қатысты ойын бөлісті. 

Отандық киножұлдыз елімізде тұрмыс құрмаған қыздарға қысымның көп екенін журналист Дина Төлепбергенге айтып берді. 

«Шыны керек Қазақстанда өзіңді ыңғайсыз сезінесің. Мен шетелде көп болдым. Олардан қашан тұрмыс құратынын сұрасаң, 35 жасқа қарай ойланатындарын айтады. Мүлдем асығыстық жоқ. Олар алдымен жұмыс істеп, ақша тауып, бір кәсіп ашып барып бір-ақ ойланады екен. Ал біздің елімізде «ештеңені ойлама, күйеуге шығып ал, туып ал» деп асықтырып жатады. 

Мен оны кім үшін жасау керекпіз деп ойланып қаламын. Ол баланы асырау керек. Оны сүймейтін адаммен бірге өсіресің бе? Онда өзің бақытсыз боласың. Маған көп ой келеді. Күйеуге шықпаған қыздар құдды қоғамның мүгедектері секілді. Олай болмайды. Бұл сөздер қыздың жанына батады. Қазақстанда бір жерге шықсаң да, қысым сезіледі», – деді актриса. 

Сонымен қатар өзі тұрмыс құрып жатса, мәһрге не сұрайтынын да айтты. 

«Оның алдындағы сұхбаттарда айтып жүрмін. 2 мың дана кітап сұраймын. Оны бір уақытта беру міндетті емес. Күйеуім екеуміз жылдар бойы жинасақ екен. Балаларымызға мұра болып қалатындай отбасылық кітап қорын жасағым келеді. Кейін балаларымыз «Атамыз бен әжемізден қалған» деп айтып жүрсе деген ниетім бар», – деді киножұлдыз. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды