739

Мұнайдың түбі көрінген жоқ: Бектенов өндіріс көлемін арттыруды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов министрлер мен әкімдерге бөлінген қаражаттың толық әрі уақтылы игерілуін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Мұнайдың түбі көрінген жоқ: Бектенов өндіріс көлемін арттыруды тапсырды
Reuters

- Биыл тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі шамалы ғана өсті. Энергетика министрлігіне табиғи газ бен мұнай өндіру көлемін арттыру бойынша шараларды күшейтуді тапсырамын. 2025 жылы мұнай өндіруді жоспарланған көлемде қамтамасыз ету қажет, - деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы қараша айында жылдық инфляция 8,4 пайызға дейін бәсеңдегенін айтты. 

- Бұл – әлеуметтік маңызды мәселе, сондықтан оны қатаң бақылауда ұстау қажет, - деді Олжас Бектенов. 

Бұл ретте, Премьер-Министр орынбасары Серік Жұманғаринге егер өңірлер жергілікті жерде қажетті шараларды қолға алмаса, тиісті шешімдер қабылдау үшін дереу баяндауды тапсырды.

Материал авторы