Шерзаттың өлімі: 170 куәгерден жауап алынды

18.12.2024, 13:04
1114
Шерзаттың өлімі: 170 куәгерден жауап алынды SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істі тергеу деректерін жариялады. Ол Алматы облысына арнайы барып, істің мән-жайымен танысқанын жеткізді.

«Соңғы күндері Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қоғамда қызу талқылау жүріп жатқаны белгілі. Әлеуметтік желілерде әртүрлі ақпараттардың таралуына байланысты, көп жағдайда тексерілмеген, эмоцияға толы жазбалар мен бейнеүндеулерге назар аударылуда. Осыған байланысты әріптесім, депутат, заң ғылымдарының докторыҮнзила Шапақпен бірге орын алған оқиғаның мән-жайымен жете танысу үшін арнайыАлматы облысына бардық. Істің барысын зерделеу мақсатында Алматы облысы прокуроры Берік Абызбайұлымен, Облыстың Полиция департаментінің басшысы Мейрам Жұмкенұлымен жолықтық.

Мен, заңгер ретінде, бұл ауыр жағдайларды құқықтық тұрғыда қарастырудың маңыздылығын атап өткім келеді. Мұндай істерде қоғам тарапынан жасалған қысым тергеу амалдарының объективті әрі жан-жақты жүргізілуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Прокуратураның ресми ақпаратына сәйкес, қасақана кісі өлтіру күдігімен 11 адам адамұсталғаны белгілі. Қазіргі таңда тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, - деп жазды мәжілісмен.

Депутаттың айтуынша, іс бойынша 170 астам куәгерлерден жауап алынып, 40 жуық сараптама тағайындалып, жан-жақты тергеліп жатыр. Сонымен қатар, Шерзат Болаттың ағасы Н.Ғайыпбаевтың өлімі де Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің бақылауында екенін атап өткен жөн. Ол бойынша сот-медициналық сараптамаларжүргізіліп жатыр.

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты