Жедел жәрдем қызметкері қашанғы таяқ жейді?

19.12.2024, 10:36
755
Жедел жәрдем қызметкері қашанғы таяқ жейді? Stock Photo

Елімізде жедел жәрдем қызметкерінің соққыға жығылуының тағы бір фактісі тіркелді. Шипа іздеген жанға көмектесуге жедел жетіп ақыры өзі аурухана төсегіне танылатыны өкінішті.

Атап айтсақ, Қостанайда жедел жәрдем фельдшері Әнел Баймұрзина шақырту кезінде соққыға жығылған. Фельдшердің айтуынша, оқиға түнгі ауысымда болған. Ентігумен жүрекке байланысты шағым айтқан тұрғыннан шақырту түскен.

«Біз шақырту түскен мекенжайға келдік. Бізді бірден агрессивті түрде қарсы алды. Өз жұмысымызды бастап, алғашқы медициналық көмек көрсете бастадық. Бірақ науқастың қыздары бізге кедергі жасап, егер бірдеңе істесек, бізді қарғайтынын, түрмеге отырғызатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетті. Кейін науқастың тыныс алуы мен жүрек соғысы тоқтады, біз реанимациялық шаралар жүргізе бастадық. 30 минут бойытырысқанымызбен реанимациялық шарадан нәтиже болмады. Біз көңіл айттық. Сол сәтте олар маған тап беріп, тепкілеп, шашымнан тартып, ұра бастады. Екінші фельдшер мен жүргізуші мені олардан қорғауға тырысты, - деді фельдшер.

Жедел жәрдем жүргізушісі қарсы пәтерге жүгіріп, көршілерден полиция шақыруды өтінген.

«Осы уақыт аралығында мені шашымнан тартып, соққыға жықты. Кейін көршінің өзі көмекке келіп, мені сол әйелдің қолынан құтқарып қалды», - деді фельдшер Әнел Баймұрзина.

Фельдшердің айтуынша, оның миы шайқалып, самайында гематома пайда болып, бетінде түрлі жарақат алған. Қыз ауруханаға жатқызылып, артынша полицияға шағым түсірген.

«Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде үй иелері мен медициналық қызметкерлер арасында жанжал болғаны анықталды, сол жанжал барысында 41 және 51 жастағы әйелдер фельдшерге дене жарақатын салған», - деп хабарлады Қостанай облысының ПД.

Полиция тергеу бастады, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады