Кішкентай футболшылардың өліміне кінәлі көлік жүргізушісі сотта соңғы сөзін айтты

Аиса Махамбет Редактор
19.12.2024, 13:45
1205
Кішкентай футболшылардың өліміне кінәлі көлік жүргізушісі сотта соңғы сөзін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Жарысқа бара жатқан 5 бала мен 3 жаттықтырушы беларусь азаматының кінәсінен қаза болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде жол апаты үшін айыпталған 37 жастағы беларусь азаматы соңғы сөзін айтып, бірнеше рет кешірім сұрады. Сергей Соловьев өзінің мәлімдемесінде бұл қайғылы жағдай өмірінің соңына дейін оны мазалайтынын айтты. Бұл туралы КТК телеарнасы жеткізді.

Мәліметтерге сенсек, ауыр апат Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолында тамыз айының басында болған. Сол кезде ауыр жүк көлігі мен шағын автобус соқтығысты. Автобуста 5 оқушы мен 3 ересек адам болған шағын болды. Жасөспірімдер туыстары мен жаттықтырушыларымен бірге футбол жарысына қатысу үшін Маңғыстау облысына бара жатқан еді. Өкінішке қарай, ешкім тірі қалған жоқ.

Тергеу барысында апатқа кінәлі ретінде 37 жастағы Беларусь азаматы, жүк көлігінің жүргізушісі анықталды. Іс материалдарына сәйкес ол қарсы жолаққа шығып, Toyota Ipsum көлігімен соқтығысқан. Қайтыс болғандардың денелерін қатты зақымданған шағын автобустан бірнеше сағат бойы шығарған.

Сотта Сергей Соловьев өз кінәсін толық мойындады. Прокурор тарап оған 5 жыл түрмеде жазасын өтеуді сұрады. Жәбірленушілер тарапынан моральдық шығынды өтеу үшін шамамен 70 миллион теңге талап етілді. Ертең сот үкімін шығарады.

"Сіздерге шынайы көңіл айтып, қатты қайғыратынымды жеткізгім келеді. Сіздерден жүрегімнің түбінен шын жүректен кешірім сұраймын. Өз кінәмді толық мойындаймын және шын ниетпен өкініп отырмын. Бұл қайғылы оқиға менің өмірімде мәңгіге қалады. Бірде-бір күнім осы жағдай туралы ойламай өтпеді. Мен осы үшін қатты өкінемін", –деді сотталушы Сергей Соловьев.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды