«Қорғаныс министрлігінде батальон командирінің орынбасары»: Астанада 8 жасар қызды зорламақ болған подполковник ұсталды
Оқиға Астанадағы ауруханалардың бірінде болған. Әскери қызметкер 2016 жылы туған баланы зорламақ болды деп күдікке ілінді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Елордада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды.
БАҚ беттерінде Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің батальон командирінің подполковник шеніндегі орынбасары (басқа мәліметтер бойынша - майор) Астанадағы ауруханда 2016 жылы туған баланы зорламақ болған деген ақпарат тарады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді ведомство.
Материал авторы