1204

«Аңыз адам» дей беріңдер»: Қайрат Нұртастың анасы халыққа алғыс айтты

«Күндестің күні – қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр» дейді.

«Аңыз адам» дей беріңдер»: Қайрат Нұртастың анасы халыққа алғыс айтты
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова халыққа алғыс білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

Шоу-бизнес өкілі ұлының жанды дауыста ғана ән салатынын тағы бір мәрте атап өтті. 

“Сіздер үшін тек жанды дауыста ән салады. Фонограммамен айтпайды. “Күндестің күні – қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр” демекші өсекті қойыңыздар! Қара термен келген еңбекті бағалайтын кез болды. Өсекті қоштамай, сәл көзді ашып, қошеметтейтін уақыттарыңыз болды”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Одан кейін Қайрат Нұртастың жыл қорытындысында алған марапаттарын да жариялады. 

“Күні кеше “Аңыз адам” атағын алды. Өзі алған жоқ. Халық оған берді. Қолдайтын ел-жұрт ұсынды. Осыдан кейін “Аңыз адам” дей беріңдер! Ал мен тарихта қалуына себепкер бола берейін”, – деді продюсер. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор