861

Еліміздегі сақтандыру компаниялары биыл қанша табыс тапты?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елдегі сақтандыру компанияларының таза табысын жариялады.

Еліміздегі сақтандыру компаниялары биыл қанша табыс тапты?
news.myseldon.com

Сақтандыру саласының жай-күйі туралы шолуда 1 қарашаға дейінгі көрсеткіштер берілген.

Құжатқа сүйенсек, 2024 жылдың 10 айында азаматтарға төленген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі 266 млрд 714 млн теңге болған. Бұл былтырғы 10 аймен салыстырғанда 24,1% артық.

Оның ішінде міндетті сақтандыру шарты бойынша 104 млрд 357 млн теңге төленсе, ерікті сақтандыру шарты бойынша 162 млрд 357 млн теңге төленген.

- 10 айдағы сақтандыру секторының таза пайдасы 177 млрд 150 млн теңге болды. Ол өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға кем, - деп жазылған шолуда.

Жалпы былтырғы қараша айынан бері елдегі сақтандыру ұйымдарының саны 26-дан 24-ке кеміген. Сақтандыру секторында шоғырланған активтердің елдің жалпы ішкі өніміндегі үлесі – 2,24%.

Материал авторы