752

Ғани Бейсембаев: «Балалар кітапханасы» жобасы аясында балалар басылымдарына қолдау көрсетіледі

Кітапхананың қорын жыл сайын 2 млн данаға ұлғайту туралы жоспар барын айтты.

Ғани Бейсембаев: «Балалар кітапханасы» жобасы аясында балалар басылымдарына қолдау көрсетіледі
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ұлттық құрылтайдың жұмыс кездесуінде баяндама жасаған Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Балалар кітапханасы» жобасы туралы айтты. 

Министрлік мәліметінше, жоба аясында жас оқырмандарға ұсынылатын 1770 кітаптың тізімі бекітілген. Оның 22% - классикалық әдбиеттер, 39% - Тәуелсіздік жылдардағы әдебиеттер, 15%-  қазақ әдебиеті, 25% - шетел әдебиеті. 

Бағдарлама шеңберінде мектеп кітапханасының қорын жыл сайын 2 млн данаға ұлғайту жоспарланған. Сонымен бірге министр осы жоба аясында балаларға арналған басылымдарға қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Материал авторы