«Электрошокер қолданып, пышақпен қорқытты»: Атырауда көпбалалы ана баламды мұғалім қорлады деп айыптады

23.12.2024, 13:31
749
«Электрошокер қолданып, пышақпен қорқытты»: Атырауда көпбалалы ана баламды мұғалім қорлады деп айыптады Alamy

Алтын алқа иегері баласының мектептен қуылғанына мұғалімдердің қорлығы әсер етті деді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда "Алтын алқа" иегері, көпбалалы ана 10-сынып оқитын баласы оқудан шығарылған соң, Сармат мектебінің мұғалімдерін ұлына зорлық көрсетті деп айыптады. Бұл жөнінде "Мой город" басылымы жеткізді.

Көпбалалы ана Нұргүл Лампусинованың сөзінше, оқиға 4 желтоқсанда болған. 

"Мұғалім баламнан насыбай тауып алып, тәртіп бұзғаны үшін пышақпен қорқытып, электрошокер қолданғанын айтты. Бірақ баламның насыбай пайдаланғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Мектеп ешбір видео, фотосуреттер мен куәгерлерді бермеген. Сол үшін мектептен шығарылды. Қазір балам үйде күйзелісте жүр", –дейді баланың анасы Нұргүл Лампусинова.

Осы оқиғадан кейін Лампусинованың өзі ұлын тексеруге тапсырып, нәтижесінде химиялық заттардың ізі анықталмаған. Оған қарамастан лицей басшылығы баланы оқудан шығару туралы шешім қабылдаған. 

Сармат мектебінің директоры Нұрлан Елеуов желтоқсан айында химиялық зат тәркіленгені туралы хаттама жасалып, оқушының анасы шақырылғанын айтты.

“Алайда бұл мәселе қаралған күні көпбалалы ана мұғалімдер кеңесіне келмеді. Оқудан шығару туралы шешімді мектептің ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңесі қолдады. Оның үстіне, оқушының анасы берген сынақтар наркологиялық орталықта емес, жеке зертханада жасалған. Бұл мектеп басшылығының күмәнін арттырады. Бұған дейін де оқушы электронды темекі арқылы ұсталып, ескерту алған”, – деді директор. 

Директордың айтуынша, ата-аналар оқуынан шығарылған балаларының құжаттарын әлі күнге дейін алып кетпеген.

"Бұл олардың басқа мектепте оқуын жалғастыру мүмкіндігінен айырады", дейді директор. 

Мәліметке сәйкес, тағы бір оқушы қатарластарына буллинг жасағаны үшін оқудан шығарылды. Оның ата-анасы да полицияға арыз жазыпты.

"Екінші оқушы буллинг үшін оқудан шығарылды. Себебі ол 7-сынып оқушысын жүйелі түрде қорлап келген. Бұл жағдай 10-сынып оқушысымен болған оқиғадан төрт күн өткен соң орын алды. Бұл іс бойынша бізде де қызметтік тексеру жүргізіліп, балалардың ата-анасы бірлесіп жұмыс істеуге шешім қабылдады. Қазіргі уақытта осы екі жағдай бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді мектеп директоры.

Аталған факті бойынша Атырау облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды