«Қатысуға 5000 теңге төледік»: Қарақат Әбілдина ақылы байқауларды сынап, министр Балаеваға үндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
23.12.2024, 14:50
1305
«Қатысуға 5000 теңге төледік»: Қарақат Әбілдина ақылы байқауларды сынап, министр Балаеваға үндеу жасады жеке мұрағатынан

Қарақат Әбілдина жарна төлеп қатысатын ақылы байқау ұйымдастыратындарды қатаң сынға алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі қызы Аяланы республикалық байқауға қатыстырған. 

“Жарқыра жұлдыз” байқауына 700 бала қатысып жатыр. Қатысу үшін әр баладан – 5000 теңге, залға кіру құны – 1500 теңге, балаларға – 500 теңге. Сахналық киіміне 50 мың теңге жұмсадық. Мақұл, ата-ана баласы үшін төлейді. Бірақ мынадай байқау бола ма?! Ұйымдастыру жағы жоқ. Бұл жердегі мақсат – баланың талабын ұштап, жұлдызын жағу емес. Балаға бір жапырақ қағазды ұстатып, бизнес көзіне айналдырып отыр. Бұлай жалғаса берсе, өнер дамымайды. Еліміздегі қаптаған байқауларды қадағалау керек екен”, – деді әнші. 

Сондай-ақ мәдениет министрі Аида Балаеваға үндеу жасап, тоқтатуды тапсырды. 

“Мұндай саны көп, сапасы жоқ байқауларды тоқтау керек. Мәдениет министрлігі қадағалауға алсын! Әркім білгенін істеп жүр. Бұл өнерге жасаған қиянат. Осыған кеткен қаражат өз алдына, есіл уақытты айтсаңызшы?! Ол жерде бір минутта тұру мүмкін емес. Залда ауа жоқ. Билетті шамадан тыс сатқан. Отыратын орын жоқ. Марапатты күтпей кетіп қалдық. Таңғы 8.30-да барғаннан тізе бүккен жоқпыз. Аяла сағат 11.30-да бір-ақ шықты. Қатты шаршап кетті. Дәлізде балалар киініп жатыр. Сыртқы киімдерін ілетін жер жоқ. Ешқандай қатысушыларға жағдай жасалмаған. Өнерге құлшынып тұрған бала осындайды көріп, басылып қалады. Тез-тез оларды сахнаға шығару керек. Әйтпесе, жалығып кетеді”, – деді өнер иесі. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады