959

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ауруханадағы жолаушылардың жағдайы қалай?

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бүгін сағат 10:30 дағы мәліметіне сүйенсек, ауруханаға келіп түскен барлық пациент ДСМ диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр.

Ақтаудағы ұшақ апаты: Ауруханадағы жолаушылардың жағдайы қалай?
бейнежазбадан алынған кадр

Тергеу органдары 2 пациенттің жеке басын анықтау бойынша жұмыс жүргізді, олардың біреуі Әзірбайжан азаматтығы екені анықталды.

Сондай-ақ, санитарлық авиация желісі бойынша Астана қаласынан Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының және жетекші республикалық орталықтардың жоғары білікті мамандары келді.

Жоғарыда аталған мамандардан басқа, Әзірбайжан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен ТЖМ арнайы кеңесі, санавиация бригадасы келіп жетті.

Барлық зардап шеккен науқастарға тексеру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ зардап шеккендермен және олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.

​Қазіргі уақытта ауруханада 20 науқас бақылауда, оның 6-ы реанимацияда: 5-і МОБ ЦОР-да және 1-і Маңғыстау облыстық балалап ауруханасының реанимациясы бөлімінде. МОБ ЦОР-дан 2 пациент травматология бөлімшесіне ауыстырылды.

Материал авторы