1571

«Мейірімді бала еді»: Министрлік Ақтаудағы ұшақ апатында мерт болған оқушының қазасына көңіл айтты

Ұшақ апатынан қаза болғандардың бірі анасы мен оның кішкентай ұлы…

«Мейірімді бала еді»: Министрлік Ақтаудағы ұшақ апатында мерт болған оқушының қазасына көңіл айтты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау маңында болған ұшақ апаты кезінде астаналық 11 жастағы Эльдар Жұмағат пен оның анасы ГауҺар Шаймерденова қаза тапты. Оқу-ағарту министрлігі жасөспірімнің қазасына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

11 жастағы оқушының мұғалімдері Эльдардың талантты, мейірімді және еңбекқор бала болғанын айтты. Ол өзін білетін адамдардың жүрегінде өшпес із қалдырды дейді. 

“Оқу-ағарту министрлігі қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасты”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік. Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды. 

Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам опат болды. Ұшақтағы қазақстандық азаматтардың барлығы көз жұмды.

Материал авторы