Жолаушылардың жартысын аман алып қалған ержүрек ұшқыштар
Ақтау маңында апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағын Игорь Кшнякин мен Александр Калянинов басқарған.
Ұшақ капитаны Игорь Кшнякин тәжірибелі маман болған. Ол 15 мың сағатын әуде өткізіп, соның шамамен 11,2 мың сағатын капитан қызметінде ұшақ басқарған. Кшнякиннің Ресей азаматы екенін марқұмның әйелі растады.
Media.az басылымының жазуынша, екінші ұшқыш Александр Калянинов – Баку еуропалық лицейін тәмәмдаған, білім мекемесінің ең үздік түлектерінің бірі болған. Ол бала кезден ұшқыш болуды армандаған екен.
Материал авторы