840

Шай қайнат: Шәйнекке жасырынған есірткі

Түркістан облысы Полиция департаменті қылмысты ашуға септігін тигізген қоңырау туралы айтты.

Шай қайнат: Шәйнекке жасырынған есірткі
көрнекі фотосурет / Stock Photo

Polisia.kz мәліметінше, биыл қаңтарда «102» арнасына такси жүргізушісінен қоңырау түсіп, ол полицияға күдікті зат туралы хабарлаған.

Шымкент қаласында белгісіз ер адам оған сәлемдеме беріп, оны Түркістанда бір қыздың күтіп алатынын айтқан. Жүргізуші басқа жолаушыларды түсіріп жатқанда сәлемдемені жерге құлатып алған. Ондағы электр шәйнегінен синтетикалық есірткі салынған екі ораманықталған. Ер адам дереу полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндірген.

«Жедел шаралар қабылданып, нәтижесінде сәлемдемені күткен жас қыз ұсталды. Тергеу барысында ол есірткіні жеке қолдануға алғанын мойындады. Қызға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен жауапқа тартылды», - делінген мәліметте.

Түркістан облысы Полиция департаментінің «102» арнасына жыл басынан бері 65 441 хабарлама келіп түскен. 

 

Материал авторы