«Сен – ең жақсы анасың»: Тележүргізуші Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан Гауһар Шаймерденова туралы

26.12.2024, 17:37
5129
«Сен – ең жақсы анасың»: Тележүргізуші Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан Гауһар Шаймерденова туралы SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Танымал тележүргізуші Санди Сұлтан Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан Гаухар Шаймерденова мен оның 11 жасар ұлы Эльдар Жұмағат туралы естелігін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тележүргізуші Санди Сұлтан мен марқұм 9 жыл бұрын шешендік өнер курстарында танысқан. Гауһар мейірімді, қамқор, шынайы және тәуелсіз, еркіндікті сүйетін жан болған. Ол саяхаттауды жақсы көріп, нотариус болып жұмыс істеген. Ұлдарын ерекше жақсы көріп, анасына қамқорлық танытқан.

"Сен – ұлдарыңа ең керемет анасың. Сен – ең қамқор әрі сүйіспеншілікке толы қызсың. Сен – нағыз доссың. Менің өміріме жарқыраған сәуле сияқты кіріп, өзіңнің қуатты энергияңмен толтырдың… Бізде көп жоспар мен саяхаттар бар еді… Жүрегімдесің. Мәңгілікке... Сенің жарқын дауысыңды сағынамын, осында сақтаймын… Эльдар – кішкентай, бірақ өте қызғаншақ ер бала, сүйікті анасын күндіз де ұзақ уақытқа жібермейтін, үйге тезірек қайтуын талап ететін… Бүгін саған WhatsApp арқылы жауап күтіп хат жаздым… Бірақ, сен желіде таңғы 08:48-де болыпсың. Содан кейін кірмепсің, – деп жазды тележүргізуші әлеуметтік желіде.

Гаухар биыл 49 жасқа толған. Үлкен ұлы Аустралияда оқиды, бірінші курсты тәмамдаған, жақында елге оралған. Санди олардың отбасы болып араласқанын, Гаухардың достарына ерекше ықыласпен қарап, сыйлықтар әкелетінін айтты.

"Ол музыкант еді, ал Гауһар оған әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмектесетін", – деп қосты тележүргізуші.

Мәліметтерге сенсек, Гауһар нотариус болып жұмыс істеген. Гауһар кіші ұлымен бірге Грозныйдағы отбасылық достарына Жаңа жылды қарсы алуға ұшпақ болғанын жазған едік. Таңертең олар Астанадан Баку арқылы Грозныйға бағыт алған, себебі тікелей рейстер жоқ. Қайтыс болған марқұмның артында жұбайы, үлкен ұлы және анасы қалды.

Forte Kulanshi Art Space: Астаналық арт-ортаның жаңа белесі Словения президенті Димаштың жанкүйері болып шықты «Qoslike» бағдарламасының жүргізушісі ұзатуында өзіне тілек айтып, халықтан сөз естіді (ВИДЕО) Енді жеке куәлікті онлайн алуға болады «Chanel, Dolce & Gabbana және Prada»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі туған күніне келген сыйлықтарды көрсетті Шерзаттың әпкесі Бақыт Реймова суицид жасамақ болды «Жүре алмай, қоштасып келдім»: Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты «Аурухананың білікті заңгері болды»: Құлсарыда бұрынғы күйеуінің қолынан қаза болған әйел туралы тың дерек пайда болды «Кредит жабамын» деп Ресейге жұмысқа кеткен жігіт жоғалып кетті Жетісулық мектеп оқушысы бетон жабындысының астында қалды Туды қорлаған қара жамылған қыздар жазаланды Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл «Жаңбыр, тұман, жел»: 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Шерзат Болаттың ісі бойынша сот қашан басталатыны белгілі болды «Арасында Сара Тоқтамысова, Мөлдір Әуелбековалар бар»: Айгүл Елшібаева хиджабтың үстінен тақия киетіндерді сынады «Мама, намаз оқисыз ғой» деп отыратын»: Қаржы пирамидасын жарнамалап сотталған Мейіржан Төребаевтың анасы ел алдына шықты Павлодарлық еркек 14 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікке ілінді Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды «Бриллианттарымды таратып жатырмын»: Мақпал Жүнісова әнші Бүркіттің әйеліне ерекше сыйлық тарту етті «Бетін аяқпен теуіп, түкірген»: Теміртаулық жасөспірімдер зейнеткерді ұрып-соққан (ВИДЕО)