Ұшақ апаты: Әзірбайжан қаза тапқан азаматтардың тізімін жариялады
Әзірбайжанның денсаулық министрлігі тізім жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әзірбайжан Денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың есімдерін жариялады.
Тізімде экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 25 адам бар.

Еске салайық, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші