«Тұман, көктайғақ, жел»: 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Бүгінгі күн райы қандай болмақ?
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 28 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жария етілді.
Синоптиктердің болжамына сәйкес ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар жауып, бұрқасын болады.
— Батыс аумақтарда жауын-шашын қар және жаңбыр түрінде жауады. Антициклон сілемінің ықпалында елдің оңтүстігі, оңтүстік-шығыс өңірлері болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, жел күшеюі күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМҚ демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші